Шебалина Ольга Андреевна

Мукархан Кулия

Старший преподаватель
«Химия және химиялық технология» кафедрасы
№5 ғимарат, Терешкова даңғылы, 19
0+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

6
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

2015

магистр естественных наук

Биология

2006

Бакалавр биологии

Биология

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Адам және жануарлар физиологиясы

Пән студенттерде ағза қызметінің механизмдері туралы білім жүйесін қалыптастыру мақсатын қояды. Курс келесі бөлімдерден тұрады: жалпы физиология, қоздырғыш ұлпалард физиологиясы, организм функцияларын реттеу механизмдері, ағзаның ішкі ортасы, ішкі органдар жүйесі және олардың реттелуі, репродуктивті жүйе физиологиясы. Курсты оқу студенттердің ағзаның қызмет етуі туралы білімін қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Жасуша биотехнологиясы

Пән ғылым дамуының болашақ бағыттарының негізін құрайды. Курс келесі бөлімдерден тұрады: теориялық негіздері, жасушалық Биотехнология объектілері, соматикалық гибридизация, микробиологиялық жүйедегі жасушалық биотехнология. Курсты оқу ғылыми-пратикалық қызметте дағдыларды меңгеруге бағытталған.

Бакалавр

Бактериология

Пән биотехнологтарды дайындау базасын құрайды. Курс келесі бөлімдерден тұрады: микроорганизмдер мен жіктелуі, морфологиясы, құрамы мен көбеюі, өсіру, метаболизмі, экология, генетика және микроорганизмдерді практикалық қолдану. Пән талдау жүргізу дағдыларын меңгеруге бағытталған

Бакалавр

Өндірістік практика 1

Өндірістік практика құрылыс процестерінің технологиясы, ғимараттар мен үймереттердің инженерлік жүйелерін орнату, құрылыс алаңында инженерлік желілерді орнату кезінде рұқсат етілген разряды бар жұмысшы немесе көмекші ретінде тікелей жұмыс орнында жұмыс тәжірибесі бойынша практикалық білім алуға, сапаны бақылау жүйесін және қауіпсіздік техникасын зерттеуге бағытталған.

Бакалавр

Өндірістік практика 1

Өндірістік практика 1 жылжымайтын мүлік экономикасы саласындағы студенттердің теориялық дайындығын нығайтып, тереңдетуге және студенттердің кәсіби қызмет саласында практикалық дағдылары мен құзыреттерін алуға бағытталған. Негізгі бөлімдердің мазмұны: ҚР Заңнамасындағы жылжымайтын мүлік ұғымы, жылжымайтын мүліктің мүлік ретіндегі ерекшеліктері, жылжымайтын мүлік нарығындағы баға белгілеу саласындағы әдебиеттерді зерделеу, жалпы Қазақстан Республикасы, жеке облыс және аудан бойынша жылжымайтын мүлік нарығының сегменттеріне зерттеу жүргізу үшін нақты материалдарды жинау, оны талдау және бағалау, тұрғын жылжымайтын мүліктің баға құраушы факторларын талдау (нақты мысалда), жылжымайтын мүлік объектісін басқару бағдарламасын әзірлеу. Оқыту нәтижелері: отандық және шетелдік ақпарат көздерінен жылжымайтын мүлік саласындағы деректерді жинау және талдау дағдылары мен тәжірибесінің, жылжымайтын мүлік саласындағы ақпараттық шолуды және/немесе талдамалық есепті дайындау дағдылары мен тәжірибесінің болуы.

Бакалавр

Шикізат пен дайын өнімнің сапасын бақылау

Пән студенттердің шикізат пен дайын тамақ өнімдерінің сапасын бақылау үшін қажетті әдістер туралы білімін дамытуға бағытталған. Курс келесі бөлімдерде берілген: Органолептикалық зерттеу әдістері. Тамақ өнімдерін физика-химиялық талдау. Шикізат пен дайын тағам өнімдерін зерттеудің микробиологиялық әдістері.