Ғылыми зерттеу негіздері
Пән ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу саласындағы теориялық дайындықтың бөлігі болып табылады. Курс келесі бөлімдер бойынша ұсынылған: зерттеудің әдіснамалық сипаттамалары (зерттеу өзектілігінің негіздемесі; зерттеу мәселесі мен тақырыбы; зерттеу мақсаты, объектісі және пәні; зерттеу гипотезасы; зерттеу міндеттері; эксперименттік қызметті бағалау критерийлері); зерттеудің негізгі әдіснамалық сипаттамаларының өзара байланысы; теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістері; зерттеуде формализациялаудың статистикалық әдістері мен құралдары. Курсты оқу ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері мен технологиялары туралы базалық білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған.