Шебалина Ольга Андреевна

Мендикенов Канат Кенжегалиевич

Доцент
«Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект» кафедрасы
Бас корпус, Назарбаев даңғылы 56
6+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

9
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

1964

Механик

Механика

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Оңтайландыру әдістері

Пән оңтайландыру мәселелерін шешуде заманауи тәсілдердің теориясы мен практикалық қолданылуын терең зерттеуге байланысты мәселелер шеңберін қамтиды. Курс бөлімдермен ұсынылған: оңтайландыру әдістері, сызықтық математикалық модельдер және сызықтық бағдарламалау, қосарлану теориясы, классикалық оңтайландыру теориясы, сызықтық емес оңтайландыру әдістері, сызықтық емес бағдарламалау. Курсты оқу студенттердің оңтайландыру модельдерін әзірлеу әдістері мен технологияларын меңгеру дағдыларын қалыптастыруға және осы модельдерді заманауи компьютерлік техникада жүзеге асыруға бағытталған.

Бакалавр

Оңтайландыру әдістері

Пән математикалық модельдеу саласындағы бакалаврлардың теориялық дайындығының негізін құрайды. Курс келесі бөлімдерден тұрады: оптимизациялау әдістері, сызықты математикалық модельдер және сызықты бағдарламалау, екілік теориясы, оңтайландырудың классикалық теориясы, сызықты емес оптимизациялау әдістері, сызықты емес бағдарламалау. Пәнді оқу студенттердің оптимизациялық модельдерді жасау әдістері мен технологияларын меңгеру дағдыларын қалыптастыруға және осы модельдерді Қазіргі компьютерлік техникада жүзеге асыруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және магистрлік диссертацияны орындау (МҒЗЖ)

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми зерттеу жоспарын әзірлеуге, қажетті зерттеу әдістерін таңдауға және мәліметтерді жинауға, алынған зерттеу нәтижелерін өңдеуге бағытталған. МҒЗЖ негізгі мақсаты эксперименталды-зерттеу қызметінің нәтижелері бойынша есептер жасай білу, патент және зияткерлік меншік құқығын алу құжаттарын рәсімдеу болып табылады.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және магистрлік диссертацияны орындау (МҒЗЖ)

Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты білім беру процесін магистрлерді даярлау бағыттары бойынша кәсіби қызмет саласын дамытумен біріктіру болып табылады. МҒЗЖ ғылыми-зерттеу, инновациялық ойлауды, шығармашылық әлеуетті, кәсіби шеберлікті; магистрлік диссертация бағытымен байланысты ғылыми салада ғылыми зерттеулерді, эксперименттік жұмыстарды жүзеге асыру білігін, кәсіби міндеттерді шешуді қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Сараптамалық және зияткерлік жүйелер

Пән жасанды интеллект технологияларын пайдаланумен байланысты күрделі формальды міндеттерді қарастырады. Курс келесі бөлімдерден тұрады: білім беру моделдері, эвристикалық бағдарламалау және моделдеу, білімге қорытынды. Пән студенттерде ақпаратты қорғаудың зияткерлік және сараптамалық жүйелері саласындағы зерттеулердің бағыттары мен мазмұны туралы жалпы түсініктерді қалыптастырады.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Терең оқыту және нейрондық желілер

Пән терең оқыту мен нейрондық желілерді құрудың теориялық және практикалық негіздерін қалыптастырады. Курс көпқабатты модельдерді құру, оқыту және оңтайландыру, сондай-ақ оларды әртүрлі салаларда қолдану мәселелерін қамтиды. Ерекше назар терең оқыту архитектураларына, регуляризация әдістеріне, оқыту процесіне және модельдерді интерпретациялауға аударылады. Магистранттар заманауи фреймворктерді меңгеріп, деректерді өңдеу және нейрондық желілерді практикалық міндеттерді шешуде қолдану дағдыларын игереді. Курс жасанды интеллектінің озық технологияларын, модельдерді әзірлеу мен тестілеуді, сондай-ақ олардың өнімділігін талдауды қамтиды.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Педагогикалық тәжірибе

Педагогикалық практика білім алушыларды тиісті мамандық бойынша педагогикалық қызметке даярлауға бағытталған. Педагогикалық практикада білім алушылар ЖОО-дағы педагогикалық қызметтің нақты шарттарымен; педагогикалық тапсырмалардың көлемі мен сипатымен; ЖОО-дағы нақты педагогикалық қызметтің оқытушыға қоятын талаптарымен танысады. Практикадан өту педагогикалық құзыреттілікті арттыруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Зерттеу практикасы

Зертеу практикасы таңдалған мәселе бойынша ғылыми зертеуді орындалуға бағыталған. Мавгистранттардын теориялық білімдерін нығайту және терендету, өзіндік жұмысының дағдыларын менгеру және дамыту. Магистерлік диссертацияны орындау және доктрант ретінде ғылыми қызметін жалғастыру үшін үлкен маңызды ие.