Шебалина Ольга Андреевна

Авдеев Леонид Анатольевич

Доцент
«Өндірістік процестерді автоматтандыру» кафедрасы
Бас корпус, Назарбаев даңғылы 56
15+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

6
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

1972

Горный инженер-электрик

Электрификация и автоматизация горных работ

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Электр энергетикадағы математикалық есептеулер және компьютерлік моделдеу

Курс электр энергетикасында бірнеше математикалық есептерді шешу және модельдеу дағдыларын қалыптастырады. Негізгі бөлімдер: электр энергетикалық есептерді шешудің түрлері мен әдістері, электрмен жабдықтау жүйелерін оңтайландыру, жұмыс сенімділігінің берілген дәрежесімен жүйелердің пайдалану шығындарын азайту, электрмен жабдықтау элементтерін тиімді орналастыру және резервтеу. Пәнді оқу электр техникалық жүйелерді зерттеу мен жобалауға бағытталған.

Бакалавр

Математикалық есептер және электрэнергетика жүйелерін сәйкестендіру

Курс математикалық есептерді шешу және электр энергетикалық жүйелердің элементтерін сәйкестендіру білімдері мен дағдыларын дамытады. Негізгі бөлімдер: электр энергетикалық есептерді шешудің түрлері мен әдістері, электрмен жабдықтау жүйелерін оңтайландыру, ақпараттық технологияларды қолдана отырып, сәйкестендіру зерттеулерінің нәтижелерін өңдеу, математикалық модельдер мен процестердің сипаттамаларын алу үшін есептеу эксперименттерін әзірлеу. Курс электр жүйелерін зерттеуге және жобалауға бағытталған.

PhD докторы

Ғылыми зерттеу әдістері

«Ғылыми зерттеу әдістері» пәні докторанттардың экономикалық ғылымның қазіргі заманғы әдіснамасы, экономика саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаттары туралы тұтас түсінігін қалыптастыруға, жаңа ғылыми білімді қалыптастыра алатын, бірегей зерттеу тәсілдерін әзірлейтін және ғылыми қызмет нәтижелерін білім беру процесіне тиімді ықпалдастыра алатын зерттеушінің ғылыми-педагогикалық мәдениетін дамытуға бағытталған. Пән аясында ғылыми танымның философиялық және әдіснамалық негіздері, экономикадағы қазіргі ғылыми парадигмалар, ғылыми зерттеудің логикасы, зерттеу мәселесін қою әдіснамасы, гипотезаларды әзірлеу, зерттеудің тұжырымдамалық моделін қалыптастыру, сапалық, сандық және аралас зерттеу әдістерін таңдау мәселелері қарастырылады, экономикалық талдаудың, экономикалық-математикалық модельдеудің, эконометриканың, статистикалық талдаудың, деректердің үлкен массивтерін өңдеудің, өнеркәсіптік жүйелердің, инновациялық қызмет пен өнеркәсіптік саясаттың тиімділігін бағалаудың қазіргі заманғы әдістері зерделенеді. Академиялық адалдық, зерттеу этикасы, ғылыми коммуникацияны ұйымдастыру, рейтингі жоғары ғылыми басылымдарда жарияланымдар дайындау, зерттеу нәтижелерін халықаралық талаптарға сәйкес рәсімдеу, ғылыми қызметтің заманауи цифрлық құралдарын пайдалану, сондай-ақ диссертациялық зерттеуді дайындау әдіснамасы мәселелеріне ерекше назар аударылады. Пәннің ғылыми-педагогикалық құрамдас бөлігі жоғары білім беру жүйесінде білім беру процесін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін меңгеруге, ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқу пәндерінің мазмұнына ықпалдастыруға, зерттеуге бағдарланған білім беру технологияларын әзірлеуге, білім алушылардың зерттеу қызметіне ғылыми жетекшілік ету дағдыларын қалыптастыруға, экономикалық ғылымның заманауи жетістіктеріне негізделген оқу-әдістемелік материалдарды жобалауға бағытталған.

Докторантура бағыттар бойынша

Ғылыми зерттеу әдістері

Пән кәсіби бағдарламалық кешендерді қолдана отырып, ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүргізудің әдіснамасы мен әдістемесін зерделейді. Пән зерттеу бағытын таңдауға, теориялық және эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыруға, ғылыми ақпаратты іздеу, өңдеу және талдау дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ өнертапқыштық қызметтің негіздерін, патенттік ізденісті, зияткерлік меншікті қорғауды және ғылыми әрі ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру қағидаттарын меңгеруге бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Өнеркәсіптік роботтарды жобалау негіздері

Пән өнеркәсіптік роботтардың (ӨР) механикалық шағын жүйелерін жобалаудың білімдерін қалыптастырады. Негізгі бөлімдер: манипуляциялық құралдарының (МҚ) кинематикасы мен құрылымы, МҚ буындарының тізбекті қосылуы; позициялық басқару кезіндегі МҚ кинематика есептерінің тура шешімдері; контурлық басқару кезіндегі МҚ ДК арқылы кинематика есептерінің кері шешімдері. Курстын оқып үйренуі ӨР кеңінен енгізілуіне және қолданылуына бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Автоматты басқарудың заманауи теориясы

Пән сандық әдістер бойынша шектеулерді жоққа шығаратын автоматты басқару жүйесінің талдау және синтез әдістерін кеңейтуге және жүйелерін пайдалану мүмкіндіктеріне; үлкен деректерді өңдеуге; толық емес сенімділік жағдайларында жұмыс жасайтын процестер мен құбылыстардың стохастиктігіне бағытталған. Курсты оқып үйрену басқару жүйелерін зерттеу жобалау кезінде заманауи құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді.