Шебалина Ольга Андреевна

Рожков Александр Владимирович

И.о.доцента
«Өнеркәсіптік көлік» кафедрасы
Бас корпус, Назарбаев даңғылы 56
12+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

10
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

1979

инженер промышленного транспорта

Промышленный транспорт

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспары және көлігі

Пән өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспары мен көлік технологиясын зерттеуді мақсат етеді. Курста ұсынылған бөлімдер: өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспары мен көлігін жобалаудың жалпы принциптері; зауыттар мен фабрикалардың бас жоспары және көлігі; ашық тау-кен жұмыстарының бас жоспары және көлігі; жерасты тау-кен жұмыстарының бас жоспары және көлігі. Курсты оқу студенттердің бас жоспар және өнеркәсіптік кәсіпорындардың көлік технологиясы саласындағы білімдерін қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Шахтаішілік рельстік көлік

Пән шахтаішілік рельсті көлікті зерттеуді мақсат етеді. Курс мынадай бөлімдермен ұсынылған: шахталық локомотивтер; вагонеткалар; шахтаішілік темір жол жолы; жерасты темір жол көлігін пайдалану; шахталық жылжымалы құрамның параметрлерін есептеу және түрін таңдау; шахтаішілік рельсті көліктің қозғалысының тартымдық есебі. Курсты оқу студенттердің теміржол жолын жобалау,салу және шахтаішілік теміржол көлігін пайдалану саласындағы білімдерін қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Диплом алдындағы практика

Пәнді оқытудың мақсаты: диссертация жазу үшін теориялық және практикалық материалдарды жинау және өңдеу. Негізгі бөлімдердің мазмұны: кәсіпорын қызметінің сипаттамасы, өнімнің (қызметтердің) сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін талдау, "кәсіпорын қызметінің жаңа нәтижелеріне қызмет көрсетуді ұйымдастыру, қорытындылар, ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдау. Оқыту нәтижелері: кәсіби қызметте нормативтік құқықтық құжаттарды пайдалану, кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін қаржылық есептілікті талдау, ұйымның операциялық қызметіне талдау жүргізу және оның нәтижелерін басқару шешімдерін дайындау үшін пайдалану, алынған есептілік және статистикалық деректерді диплом алдындағы практикадан өткені туралы есепті ресімдеу және ұсыну үшін пайдалану.

Бакалавр

Жүк және коммерциялық жұмыстарды ұйымдастыру

Бакалавр

Жүк тарифтері және көліктік құқық

Тасымал сапасын анықтауға қажет әртүрлі факторлардың әсерін бағалай білу және жүктерді тасымалдауға арналған тасымал ақысын, қосымша терімдерді анықтай білу мақсатын алға қояды. Студенттерді жүктердің сипаттамасымен, олардың тарифке әсерін, жүктердің ерекшеліктерін есепке ала отырып тасымал ақысын анықтау әдістемесімен таныстыру.

Бакалавр

Жүктану

Пән жүктердің жіктелуі мен олардың физикалық-химиялық қасиеттері, көлемдік-массалық сипаттамаларын білуге сонымен бірге жүк таралары, жүктерді кодтау және маркировкалау шарттары туралы ақпарат бере отырып, жүктерді тасымалдауға дайындау, қоймалау және тиеп-түсіру ерекшеліктерін үйретуге негізделген.

Бакалавр

Көлік қауіпсіздігі және техникалық пайдалану ережелері

Пән теміржол көлігінің пайдалану жұмысын реттейтін нормативтік құжаттарды зерделеуді және қауіпсіз жұмысты ұйымдастырудың негіздерін зерттеуді мақсат етеді. Пән мынадай бөлімдерді қамтиды: жол, локомотив және вагон, станциялық, электрмен жабдықтау сынды теміржол шаруашылықтарының құрылыстары; тасымалдау процесінің қауіпсіздік негіздері. Курсты зерделеу жол берілетін қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтарды жіктеу тәртібіне, ТПЕ талаптары мен нормаларына бағдарланған.

Бакалавр

Жылжымалы құрам және пойыздар тартымы

Пән теміржол көлігінің жылжымалы құрамы туралы тұтас түсінікті қалыптастыруға бағытталған. Негізгі бөлімдердің мазмұны: Тартымдық жылжымалы құрамның құрылымдық сұлбасы және жіктелуі; локомотивтердің тартымдық сипаттамасы; локомотивтерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Пән студенттердің цифрлық технологияларды қолдана отырып, пойызды басқарудың оңтайлы режимінің негізгі принциптерін және жылжымалы құрамның әр түрін қолдану дағдыларын қалыптастырады.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Көліктік есептерді шешу кезінде математикалық модельдерді әзірлеу негіздері

Пән өнеркәсіптік көліктің технологиялық үдерістерін формализациялау және оңтайландыру әдістерін зерттеуге бағытталған. Пәннің мазмұны тасымалдау үдерісін математикалық сипаттауды, техникалық құралдардың жұмысын модельдеуді және көлік міндеттерін шешу үшін математикалық бағдарламалау әдістерін қолдануды қамтиды. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант өнеркәсіптік көлік үдерістерін талдай алады, олардың математикалық модельдерін құрып, зерттей алады, есептеу эксперименттерін жүргізеді және тасымалдау үдерісін жетілдіру бойынша негізделген шешімдер әзірлейді.

Бакалавр

Өндірістік практика 1

Өндірістік практика 1 жылжымайтын мүлік экономикасы саласындағы студенттердің теориялық дайындығын нығайтып, тереңдетуге және студенттердің кәсіби қызмет саласында практикалық дағдылары мен құзыреттерін алуға бағытталған. Негізгі бөлімдердің мазмұны: ҚР Заңнамасындағы жылжымайтын мүлік ұғымы, жылжымайтын мүліктің мүлік ретіндегі ерекшеліктері, жылжымайтын мүлік нарығындағы баға белгілеу саласындағы әдебиеттерді зерделеу, жалпы Қазақстан Республикасы, жеке облыс және аудан бойынша жылжымайтын мүлік нарығының сегменттеріне зерттеу жүргізу үшін нақты материалдарды жинау, оны талдау және бағалау, тұрғын жылжымайтын мүліктің баға құраушы факторларын талдау (нақты мысалда), жылжымайтын мүлік объектісін басқару бағдарламасын әзірлеу. Оқыту нәтижелері: отандық және шетелдік ақпарат көздерінен жылжымайтын мүлік саласындағы деректерді жинау және талдау дағдылары мен тәжірибесінің, жылжымайтын мүлік саласындағы ақпараттық шолуды және/немесе талдамалық есепті дайындау дағдылары мен тәжірибесінің болуы.