Инженерлік графика
Пән білім алушылардың инженерлік-техникалық қызметке қажетті инженерлік графика саласындағы теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән аясында графикалық жұмыстарды орындаудың жалпы ережелері, сызба геометриясы, құрылыс сызбаларын орындау негіздері, техникалық сызу негіздері қарастырылады. Пәнді оқу кеңістіктік ойлауды дамытуға, теориялық білім мен конструкторлық құжаттарды оқу, орындау және рәсімдеу бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.