Шебалина Ольга Андреевна

Омаров Ануар Серикович

Старший преподаватель
«Өндірістік процестерді автоматтандыру» кафедрасы
Бас корпус, Назарбаев даңғылы 56
14+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

12
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

2015

магистр технических наук

Автоматизация и управление

2013

бакалавр автоматизации и управления

Автоматизация и управление

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Автоматтандырылған электр жетегінің электрлік аппараттары мен элементтері

Пән электрлік аппараттардың әртүрлі типтерінің және автоматтандырылған электржетектің элементтерінің конструкциясы мен әрекет ету принципі бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырады. Негізгі бөлімдер: электр аппараттарының, коммутациялық аппаратураның және электромеханикалық түрлендіргіштердің жіктелуі, басқарылатын күш түрлендіргіштері, қолданылатын реттелетін электр жетегіндегі датчиктер. Пәнді оқу электр техникалық жүйелердегі электр аппараттарын зерттеуге және пайдалануға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Техникалық жүйелерді автоматтандыру және энергия үнемдеу технологиялары

Пән - екі семестрлiк.Пән техникалық жүйелерді автоматтандыру туралы және ол арқылы энергияны үнемдеуді қамтамасыз ету білімдерін қалыптастырады. Негізгі бөлімдер: ТЖ-ді автоматтандыру құралдары мен басқару объектілері, үздіксіз және дискретті ТЖ-ді реттеу, ТЖ-ді логикалық және оңтайлы басқару, энергия тиімділігін арттыру үшін технологиялық машиналарды және процестерді автоматтандыру. Курсты оқып үйрену ТЖ-ді автоматтандыру арқылы өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Басқарудың интеллектуалды жүйелері

Курс объектілер мен процестердің заманауи басқару жүйелерінде қолданылатын жасанды интеллект әдісі мен алгоритмдерін білуді қалыптастырады. Негізгі бөлімдер: интеллектуалдық басқару жүйелеріндегі (ИБЖ) динамикалық экспертті жүйелер, жасанды нейрондық желілер, айқын емес логика, заманауи интеллектуалдық басқару жүйелеріндегі генетикалық алгоритмдер, гибридті интеллектуалдық басқару жүйелер. Курсты оқу технологиялық процестерді басқаратын жоғары сапалы жүйелерді құруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Ғылыми-инновациялық қызметті басқару

Пән ғылыми-инновациялық қызметті (ҒИҚ) басқарудың қағидаттары мен әдістерін зерделеуге бағытталған. Курс мынадай бөлімдерден тұрады: ҒИҚ-ты жоспарлау; ҒИҚ-тың эксперименттік деректерін өңдеу және талдау; ҒИҚ-тың техникалық-экономикалық негіздемесі және жобаларды коммерцияландыру; ғылыми-инновациялық қызмет кезеңдеріне мониторинг жүргізу; эксперименттік-зерттеу міндетінің жобалық шешімін қалыптастыру; ҒИҚ нәтижелерін дайындау және жариялау; ҒИҚ нәтижелерін көпшілік алдында қорғауға ұсыну. Курсты оқу кәсіби қызмет шеңберінде ҒИҚ-ты жоспарлауды, іске асыруды және мониторинг жүргізуді қамтитын басқару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және магистрлік диссертацияны орындау (МҒЗЖ)

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми зерттеу жоспарын әзірлеуге, қажетті зерттеу әдістерін таңдауға және мәліметтерді жинауға, алынған зерттеу нәтижелерін өңдеуге бағытталған. МҒЗЖ негізгі мақсаты эксперименталды-зерттеу қызметінің нәтижелері бойынша есептер жасай білу, патент және зияткерлік меншік құқығын алу құжаттарын рәсімдеу болып табылады.

Бакалавр

Күштік түрлендіру кұрылғылары

Курс энергетикалық түрлендіру құрылғыларының (ЭТҚ) негіздері бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырады. Негізгі бөлімдер: ЭТҚ негізгі анықтамалары мен құрылымы, бақыланатын түзеткіштер, клапандардың сериялық және параллель қосылуы, кернеу түрлендіргіштерінің сенімділігі, басқарылатын түрлендіргіштің белсенді элементтерін таңдау, басқару жүйелерінің блок-схемасы. Оқу курсы электр жетектерін басқару жүйелерін зерттеуге, жобалауға және пайдалануға бағытталған.

Бакалавр

Электр энергиясын тиристорлық жүйелермен түрлендіру

Пән электр энергиясының тиристорлық түрлендіргіштерінің (ТТ) теориясы бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырады. Негізгі бөлімдер: ТТ анықтамалары мен құрылымы, фазалы және жартылай бақылаулы тиристор түзеткіштері, кері кернеудің және тиристордың ток күшінің максималды мәндері, үш фазалы ТТ, түзеткішті басқару жүйелерін, фазалық басқару жүйелерін анықтау. Пәндерді зерттеу электр жетектерін басқару жүйелерін зерттеуге, жобалауға және пайдалануға бағытталған.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Автоматтандыру және басқару жүйелерін құрудың заманауи теориялары, әдістері және құралдары

Пән телекоммуникациялық технологияларды және сандық әдістер бойынша шектеулерді жоққа шығаратын күшті есептеу жүйелерін пайдалану мүмкіндіктеріне; үлкен деректерді өңдеуге; процестер мен құбылыстардың стохастиктігіне, автоматтандыру және басқару жүйелерін құру құралдарына бағытталған. Курсты оқып үйрену заманауи технологияларды және басқару жүйелерін зерттеу және жобалау құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді.

Бакалавр

Типтік өнеркәсіптік кешендерді автоматтандыру

Курс типтік өнеркәсіптік кешендерді (ӨК) автоматтандыру тәсілдерін білуді қалыптастырады. Негізгі бөлімдер: Типтік өнеркәсіптік кешендерді автоматтандыру және басқару жүйелерін құру әдістері, өнеркәсіптік аспаптар мен автоматтандыру құралдарын таңдау және қолдану, өнеркәсіптік кешендерді автоматтандыру және басқару жүйелерінің техникалық құралдарын дамыту бағыты. Курсты оқу автоматтандырылған өнеркәсіптік кешендерді пайдалануға бағытталған

Бакалавр

SCADA-жүйелерді жалпы өнеркәсіптік кешендерде қолдану

Курс программалық логикалық контроллерлер (ПЛК) негізінде басқару жүйелерін жобалауда білім мен дағдыларды қалыптастырады. Негізгі бөлімдер: диспетчерлік жүйелер, ПЛК бағдарламалау құралы ортасы, заманауи SCADA жүйелеріне негізделген диспетчерлік басқару жүйелерін құру. Курсты зерттеу ПЛК -мен басқару жүйелерін зерттеу, жобалау және сервистік қызмет көрсету.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Электр техникалық кешендерді электрмен жабдықтау

Курс электртехникалық кешендерді электрмен жабдықтау бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырады. Негізгі бөлімдер: электр энергиясын тұтынушылардың сипаттамасы, рұқсат етілген жүктемелер, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жерге қосу және нөлдеу, атмосфералық асқын кернеуден және электр коррозиядан қорғау, өлшеу, электрмен жабдықтауды бақылау, трансформаторлық қосалқы станциялар, трансформаторлардың саны мен қуатын таңдау, электрмен жабдықтау жүйесін жобалау. Курсты оқу ЭЭК жүйелерін пайдалануға бағытталған

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Өнеркәсіптік автоматтандырылған кешендерді (АТК) жобалау негіздері (конвейерлік желілерді жылдамдық бойынша реттеу)

Курс конвейерлік желілердің мысалында АТК жобалау кезеңдерінің мазмұны туралы білімдерді қалыптастырады. Негізгі бөлімдер: конвейерлер мен электр жетектерінің жұмыс режимдері, ленталық конвейерлерді есептеу, тұрақты және айнымалы тоқ электр жетектерінің түрлері, электр жетектерін реттеу әдістері, электр жетектерін басқаруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету, векторлы басқарылатын конвейерлердің асинхронды электр жетегін есептеу. Курсты оқып үйрену АТК-ны жобалауға және пайдалануға арналған.