Геоақпараттық жүйелер
Пән қазіргі геоақпараттық жүйелерде (ГАЖ) жердің сандық моделі саласындағы бакалаврларды теориялық даярлаудың негізін құрайды. Курс келесі бөлімдермен ұсынылған: ГАЖ құрылымы, құрамдас бөліктері, міндеттері және мақсаты. Деректерді енгізу, өңдеу және сақтау. ГАЖ бағдарламалық жасақтамасының қысқаша сипаттамасы. Курсты оқу тау-кен өндірісінің міндеттерін шешу үшін заманауи ГАЖ қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.