Шебалина Ольга Андреевна

Романчикова Светлана Николаевна

Преподаватель
«Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект» кафедрасы
Бас корпус, Назарбаев даңғылы 56
0+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

4
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

2021

Магистр

Информационные технологии

2001

инженер-системотехник

Автоматизированные системы обработки информации и управление (по отраслям)

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

С++ бағдарламалау

Пән C++ тілінде бағдарламалаудың негізгі тәсілдерін зерттейді. Курс келесі бөлімдерден тұрады: бағдарлама құрылымы, операциялар, нұсқаулықтар, массивтер, жолдар, көрсеткіштер, құрылымдар, функциялар, консоль және файлдық енгізу/ шығару. Пән студенттерде консольдік қосымшаларды, сондай-ақ графикалық ин-терфейсті қосымшаларды әзірлей білуді қалыптастырады.

Бакалавр

Ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету

Пән шеңберінде келесі мәселелер қарастырылады: Қазақстан Республикасындағы АҚ саласындағы қатынастарды құқықтық реттеудің принциптері мен әдістері, Қазақстан Республикасындағы АҚ қамтамасыз етудің институционалдық (ұйымдық) құрылымы; Қазақстан Республикасының АҚ саласындағы заңнамасына және онда АҚ қамтамасыз ету жөнiнде көзделген шаралар мен ақпараттандыру объектiлерiнiң АҚ саласындағы заңнамалық актiлер мен мiндеттi стандарттар талаптарына сәйкестiгiн растау рәсiмдерiне шолу, АҚ саласындағы заңнама талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау. Пәнді оқу АҚ қамтамасыз ету процестерін жоспарлау, ақпараттандыру объектісін қорғаудың кешенді жүйесін құру және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, АҚ бойынша техникалық құжаттаманы әзірлеу, АҚ бөлімшелері пайдаланушылары мен қызметкерлерін оқыту және біліктілігін арттыру сияқты ұйымдастыру шаралары мен іс-шараларын іске асыру үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар

Курс қолданбалы бағдарламалар пакеттерін пайдалану дағдыларын қалыптастыруға, өзіндік шығармашылық ізденіс жүргізуге және заманауи ақпараттық технологиялар мен олардың даму тенденцияларының мүмкіндіктеріне бағытталған. Пән ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы негізгі үрдістерді және ақпаратты іздеу және сақтау үшін ақпараттық ресурстарды пайдалануды зерттейді. Курс келесі бөлімдермен ұсынылған: қолданбалы бағдарламалар пакеттері, өзіндік шығармашылық ізденісті енгізу және заманауи ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері және олардың даму тенденциялары. Интернет.

Бакалавр

Объектiге бағытталған Java бағдарламалау

Пән студенттердің объектіге бағытталған бағдарламалау (ОББ) парадигмасының идеологиясы мен негізгі аспектілері туралы түсініктерін қалыптастыруды, Java тілінде ОББ технологиясында теориялық білім мен практикалық тәжірибе алуды мақсат етеді. Негізгі бөлімдердің мазмұны: объектіге бағытталған модель, Объектілік тәсілдің құрамдас бөліктері, объектілер мен сыныптар, мұрагерлік, иерархия, интерфейстер және дерексіз сыныптар, енгізу-шығару ағындары, коллекциялар ерекшеліктерді өңдеу Курсты оқу студенттердің объектілі-бағытталған бағдарламалау көмегімен қосымшаларды құрастырудың практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.