Жылыту және желдету жүйелері (к.ж/ж)
Пән ғимараттың инженерлік коммуникацияларын ұтымды және тиімді жобалау саласындағы дайындық негізін құрайды. Курс келесі бөлімдерден тұрады: қоршау конструкцияларының жылу техникасын есептеу; жылу шығынын есептеу; жылыту құрылғыларын таңдау; жылу жүйесін жобалау; жылу пунктін есептеу, желдету жүйелерін жобалау. Пәнді оқу студенттердің инженерлік жүйелерді төсеу саласында білім базасын қалыптастыруға бағытталған.