Криптография
Пән ақпараттық қауіпсіздік бойынша бакалаврлардың теориялық және практикалық дайындығының негізін құрайды. Курс келесі бөлімдерден тұрады: симметриялық және асимметриялық криптографиялық жүйелер; криптографиялық хаттама. RSA криптожүйесі; блоктық шифрлар, ағын шифрлары, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ), хеш-функциясы. Курсты оқу студенттерге компьютерлік ақпаратты криптографиялық қорғаудың технологиялары мен тәсілдері туралы білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған.