Шебалина Ольга Андреевна

Кенжекеева Акбопе Рахимбековна

Старший преподаватель
«Өнеркәсіптік көлік» кафедрасы
Бас корпус, Назарбаев даңғылы 56
10+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

17
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

2014

магистр наук

Организация перевозок, движения и эксплуатация транспорта

1994

инженер по организации и управлению

Организация перевозок и управления (по видам транспорта)

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Өнеркәсіптік теміржол көлігінде пайдалану жұмысын басқару

"Пайдалану жұмысын басқару" пәні теміржол көлігінің техникалық жабдықталуын тиімді пайдалану саласында білім алуға бағытталған. Курс бөлімдермен ұсынылған: вагон ағындарын ұйымдастыру, жергілікті жұмысты ұйымдастыру, пойыздардың жүру кестесін құру, жұмыс көрсеткіштерін анықтау. Курсты оқу студенттердің пайдалану жұмысын басқару туралы білімдерін қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Карьерлік теміржол көлігі

Пән карьерлік теміржол көлігін зерттеуді мақсат етеді. Курс бөлімдермен ұсынылған: локомотивтер; вагондар; карьерлік теміржол жолы; жылжымалы құрам және поездардың тартымы; жылжымалы құрамның түрін таңдау және санын есептеу; карьерішілік поездың қозғалысының тартымдық есебі Пәннің міндеті студенттердің карьерлік теміржол көлігінің жұмысы туралы білім дағдыларын игеру, локомотивтің тарту күштерін, құрамның максималды салмағын және теміржол жолының көлбеуін анықтау болып табылады.

Бакалавр

Өндірістік практика 2

Өндірістік практиканың мақсаты оқу процесінде алынған теориялық білімді бекіту және тереңдету; ақпаратты өңдеудің құрал-саймандық құралдарын пайдалану бойынша, автоматтандырылған жүйенің деректерін жаңарту, техникалық сүйемелдеу және қалпына келтіру бойынша регламенттерді орындау бойынша дағдыларды алу; бітірушінің кәсіби біліктерін, болашақ кәсіби және ұйымдастыру-басқару қызметіне тән әртүрлі міндеттерді орындау арқылы нақты өндірістік жағдайларда өзіндік шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Бакалавр

Өнеркәсіптік көліктегі тиеп-түсіру жұмыстарын кешенді механизациялау және автоматтандыру

Пән өнеркәсіптік көлікте тиеу-түсіру жұмыстарын кешенді механикаландыру мен автоматтандыруды зерттеуді мақсат етеді. Курс мынадай бөлімдермен ұсынылған: тиеп-түсіру машиналары мен құрылғылары; үйілмелі жүктерді қайта тиеу технологиясы және кешенді механикаландыру; контейнерлерді қайта тиеуді кешенді механикаландыру технологиясы; құйылмалы жүктерді қайта тиеуді кешенді механикаландыру және оның технологиясы. Курсты оқу студенттердің өнеркәсіптік көлікте тиеу-түсіру жұмыстарын кешенді механикаландыру және автоматтандыру саласындағы білімдерін қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Диплом алдындағы практика

Пәнді оқытудың мақсаты: диссертация жазу үшін теориялық және практикалық материалдарды жинау және өңдеу. Негізгі бөлімдердің мазмұны: кәсіпорын қызметінің сипаттамасы, өнімнің (қызметтердің) сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін талдау, "кәсіпорын қызметінің жаңа нәтижелеріне қызмет көрсетуді ұйымдастыру, қорытындылар, ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдау. Оқыту нәтижелері: кәсіби қызметте нормативтік құқықтық құжаттарды пайдалану, кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін қаржылық есептілікті талдау, ұйымның операциялық қызметіне талдау жүргізу және оның нәтижелерін басқару шешімдерін дайындау үшін пайдалану, алынған есептілік және статистикалық деректерді диплом алдындағы практикадан өткені туралы есепті ресімдеу және ұсыну үшін пайдалану.

Бакалавр

Өнеркәсіптік көлікті басқарудың автоматтандырылған жүйелері

Пән өнеркәсіптік кәсіпорындардағы тиеп-түсіру процестерін автоматтандыру құралдары мен электрондық құжат айналымын зерттеуге арналған. Курс мынадай бөлімдермен ұсынылған: техникалық және коммерциялық тексеруді автоматтандыру; көліктің негізгі түрлерін автоматтандыру құралдары; тиеп-түсіру жұмыстарын автоматтандыру; құжат айналымын автоматтандыру және басқарудың автоматтандырылған жүйелерімен өзара қарым-қатынасы. Пән құжат айналымын автоматтандыру және басқарудың автоматтандырылған жүйелерімен өзара қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырады.

Бакалавр

Сигналдау, орталықтандыру, блоктау және байланыс

ППән студенттерде инновациялық және интеллектуалды жүйелерді қолдана отырып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылғылардың жұмысы туралы түсінік қалыптастырады. Курс бөлімдермен ұсынылған: сигнал беру, орталықтандыру, блоктау және байланыс жүйелерін жіктеу; СОБ техникалық диагностикалау және мониторинг жүйесі. Курсты оқу студенттердің сигнал беру, орталықтандыру, блоктау және байланыс саласындағы білімдерін қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Көлік қауіпсіздігі және техникалық пайдалану ережелері

Пән теміржол көлігінің пайдалану жұмысын реттейтін нормативтік құжаттарды зерделеуді және қауіпсіз жұмысты ұйымдастырудың негіздерін зерттеуді мақсат етеді. Пән мынадай бөлімдерді қамтиды: жол, локомотив және вагон, станциялық, электрмен жабдықтау сынды теміржол шаруашылықтарының құрылыстары; тасымалдау процесінің қауіпсіздік негіздері. Курсты зерделеу жол берілетін қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтарды жіктеу тәртібіне, ТПЕ талаптары мен нормаларына бағдарланған.

Бакалавр

Жүктік операцияларды автоматизациялау мен кешенді механизациялау, (к.ж/ж)

Пән бакалаврларды теориялық даярлаудың негізін құрайды және біздің мамандық түлектері үшін база болып табылады. Курсты зерттеу қойма шаруашылығында инновациялық технологияларды қолдана отырып, Автоматтандыру және механикаландыру бөлімдерін, агрегаттарды басқаруды және жаңа дизайн дағдыларын игеруді қамтиды. Пән автоматтандырылған қоймалардың жұмысына байланысты ерекше дағдыларды игеру мақсатында арнайы пәндермен интеграцияда оқытылады.

Бакалавр

Теміржол станцияларының және диспетчерлік басқарудың жұмысын ұйымдастыру

Пәнді оқу технологиялық көлік процестерін ескере отырып, өнеркәсіптік кәсіпорындарды бас жоспарлауға бағытталған. Курс мынадай бөлімдермен ұсынылған: өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспарын және көлігін жобалау; бас жоспар және көлік: ашық тау-кен әзірлемелері, металлургиялық зауыттар. Курсты оқу пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеумен айналысатын кәсіпорындар мен әртүрлі орналасу схемаларын бағалау әдістемесіне бағытталған.

Бакалавр

Пайдалану жұмысын басқару

Пән тасымалдау процесінің негізгі компоненттерінің бірі-теміржол көлігіндегі пайдалану жұмысын оқып, үйренуге арналған. Курс мынадай бөлімдермен ұсынылған: жергілікті жұмысты ұйымдастыру, ТЖ учаскелері мен бөлімшелерінің пайдалану жұмысын техникалық нормалау, қозғалыс графигі, өткізу және тасымалдау қабілеті. Пән қазіргі жағдайда темір жол станциялары мен тораптарының пайдалану жұмысын басқарудың ерекше дағдыларды игеру мақсатында арнайы пәндермен интеграцияда оқытылады.

Бакалавр

Өнеркәсіптік көлікте маневрлік және поездық жұмысты ұйымдастыру, (к.ж/ж)

Пән өнеркәсіптік теміржол көлігінде маневрлік жұмысты нормалау туралы білім жүйесін қалыптастыруды мақсат етеді. Курс мынадай бөлімдермен ұсынылған: ақпараттандырудың қазіргі жай-күйінің жалпы мәселелері және өнеркәсіптік кәсіпорындардағы көлік процестерін жоспарлау. Курсты оқу студенттердің практикалық дағдыларын қалыптастыруға және студенттердің жылжымалы құрамның маневрлік жұмысын жедел басқаруға арналған талаптар жиынтығын жүргізуге бағытталған.

Бакалавр

Көліктік және техникалық құрылғылар негіздері

Пән жылжымалы құрам конструкциясының тұтас көрінісін және өнеркәсіптік өндірісте ТЖ қолдану технологиясын қалыптастыруға бағытталған. Курс келесі бөлімдерден тұрады: өнеркәсіптік көлік локомотивтері; тепловоздардың беріліс түрлері; локомотивтердің тартымының сипаттамасы; пойыз қозғалысының теңдеуі; локомотивті басқарудың интеллектуалды жүйелері. Пән тартымдық есептеулерді орындау және локомотивті басқарудың интеллектуалды жүйелерін қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастырады.

Бакалавр

Жылжымалы құрам және пойыздар тартымы

Пән теміржол көлігінің жылжымалы құрамы туралы тұтас түсінікті қалыптастыруға бағытталған. Негізгі бөлімдердің мазмұны: Тартымдық жылжымалы құрамның құрылымдық сұлбасы және жіктелуі; локомотивтердің тартымдық сипаттамасы; локомотивтерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Пән студенттердің цифрлық технологияларды қолдана отырып, пойызды басқарудың оңтайлы режимінің негізгі принциптерін және жылжымалы құрамның әр түрін қолдану дағдыларын қалыптастырады.

Бакалавр

Тасымалдауды ұйымдастырудағы инновациялық технологиялар

Пән көліктің технологиялық процестерін автоматтандырудың заманауи технологияларын оқуды мақсат етеді. Курс келесі бөлімдермен ұсынылған: тасымалдау процесіндегі ақпараттық технологиялар, тасымалдау процесін басқару технологиясындағы қазіргі даму тенденциялары, көліктегі интеллектуалды инновациялық технологиялар. Пәннің міндеті теміржол көлігі қызметкерлерінің автоматтандырылған жұмыс орындарында жұмыс істеу, теміржол көлігінде интеллектуалды инновациялық технологияларды қолдану дағдыларын игеру.

Бакалавр

Жүктерді жеткізудің логистикалық технологиялары

Курс жүктерді тасымалдаудың логистикалық жүйесінің тиімділігін басқару және зерттеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Курс мынадай бөлімдермен ұсынылған: Көлік процесіндегі көліктік-экспедициялық қызмет көрсетудің маңызы; көліктік-экспедициялық қызмет көрсетудің нормативтік-құқықтық базасы; электрондық құжат айналымын қолдана отырып, жүктерді жеткізуді құжаттамалық ресімдеу. Пәннің міндеті тасымалдау процесін ұйымдастыру мен басқарудың негізгі принциптерін түсіну, электрондық құжат айналымының негізгі бағдарламаларын қолдану болып табылады.

Бакалавр

Темiр жолдарды техникалық пайдалану ережелерi

Пән темір жол көлігінің пайдалану жұмысын реттейтін нормативтік құжаттарды және де қауіпсіз жұмысты ұйымдастыру негіздерін зерделеуді мақсат етіп қояды. Пән келесі бөлімдерден тұрады: темір жол шаруашылығы құрылыстары, локомотив және вагон, станциялық, электрмен жабдықтау; тасымалдау процесінің қауіпсіздік негіздері. Пән темір жол көлігінің техникалық құралдары, олардың нормативтік сипаттамалары және қауіпсіз пайдалану әдістері туралы білім жүйесін қалыптастырады.