Ғылыми-инновациялық қызметті басқару
Пән ғылыми-инновациялық қызметті (ҒИҚ) басқарудың қағидаттары мен әдістерін зерделеуге бағытталған. Курс мынадай бөлімдерден тұрады: ҒИҚ-ты жоспарлау; ҒИҚ-тың эксперименттік деректерін өңдеу және талдау; ҒИҚ-тың техникалық-экономикалық негіздемесі және жобаларды коммерцияландыру; ғылыми-инновациялық қызмет кезеңдеріне мониторинг жүргізу; эксперименттік-зерттеу міндетінің жобалық шешімін қалыптастыру; ҒИҚ нәтижелерін дайындау және жариялау; ҒИҚ нәтижелерін көпшілік алдында қорғауға ұсыну. Курсты оқу кәсіби қызмет шеңберінде ҒИҚ-ты жоспарлауды, іске асыруды және мониторинг жүргізуді қамтитын басқару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.