Бакалавр
Картографиядағы компьютерлік технологиялар
Пәнді оқыту мақсаты: картографиялық туындыларды жасау және пайдалану саласында қазіргі заманғы компьютерлік және ақпараттық технологияларды еркін меңгеру негізінде кәсіби дағдыларды қалыптастыру, карталарды жасау мен пайдаланудың техникалық және бағдарламалық құралдарының мүмкіндіктерін білу болып табылады.
Негізгі бөлімдердің мазмұны: геоақпараттық картографиялау мәселелерін шешу, заманауи компьютерлік және ақпараттық технологияларды, сандық, электрондық, компьютерлік карталарды жасау үшін бағдарламалық жасақтаманы таңдау және өз бетінше қолдану мүмкіндігі.
Оқыту нәтижесі: топографиялық, жалпы географиялық және тақырыптық карталар жасау үшін векторлық, растрлық графиканың бағдарламаларын және ГАЖ қосымшаларды қолдану.