Шебалина Ольга Андреевна

Аманкельдин Шокан Аманкельдыулы

Преподаватель
«Энергетикалық жүйелер» кафедрасы
Бас корпус, Назарбаев даңғылы 56
0+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

6
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

2017

Магистр наук

Электроэнергетика

2014

Бакалавр электроэнергетики

Электроэнергетика

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Турбиналық қондырғылар

Пән білім алушылардың жылу электр станцияларында ауыспалы жұмыс режимдерінде жұмыс істейтін турбогенераторлардың технологиялық схемаларын оңтайландыру және жаңғырту саласындағы теориялық білімдерін қалыптастыруға бағытталған. Пән аясында турбиналық және газтурбиналық қондырғылар, олардың конструкциялық ерекшеліктері, турбиналардың жұмыс режимдері және турбина цехының қосалқы жабдықтарын пайдалану қарастырылады. Пәнді оқу жылу электр станцияларының турбиналық қондырғылары бөлшектерінің конструкциялық шешімдерін таңдау, есептеу және оңтайландыру бойынша білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Электрмен жабдықтау жүйелеріндегі релелік қорғаныс және автоматика

Пән бакалаврлардың теориялық дайындығының негізін құрайды және РҚА байланысты мәселелерді зерделеуде негіз қалаушы болып табылады. Курс бөлімдермен берілген: РҚА тағайындау. РЗА элементтері, функционалдық бөліктері. РЗА элементтері. Дифференциалдық ток қорғанысының түрлері. Жерге тұйықталудан желілерді қорғау. Курсты оқу студенттердің әр түрлі қорғаныс түрлерінің теориялық негіздерін, схемалар автоматикасын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Кәсіпорынды электрмен жабдықтауды жобалау

Пән кәсіпорындарды электрмен жабдықтауды жобалау негіздері бойынша бакалаврларды дайындау негізін құрайды. Курс келесі бөлімдерден тұрады: электрмен жабдықтауды жобалаудың принциптері, міндеттері, ETAP бағдарламалық кешенін қолдану негіздері, модельдеу, Matlab, ETAP-та электрмен жабдықтауды жобалау. Пәнді оқу студенттердің электр энергетикалық жүйелерді жобалау бойынша ғылыми, инженерлік есептерді шешу үшін ЭЕМ-ді тиімді қолдану дағдыларын, тұрақты білімді қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Тау-кен және жалпы өнеркәсіптік кәсіпорындардың электрмеханикалық қондырғылары

Пән көлік, жүк көтергіш машиналарды пайдалану теориясы, практикасы негіздері бойынша бакалаврларды дайындау негізін құрайды. Курс мынадай бөлімдермен берілген: жалпы мәліметтер, жүк көтергіш машиналардың жіктелуі, конструкциялары; жүк көтергіш машиналарды есептеудің жалпы ережелері; Жүкті көтеру, қозғалу, бұрылу механизмдері. Пәнді оқу студенттердің электржабдықтау элементтерін таңдау, есептеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Электр машиналары

Пән бакалаврлардың теориялық дайындығының негізін құрайды және бітірушілердің инженерлік-техникалық қызметінің негізі болып табылады. Курс келесі бөлімдерден тұрады: электр машиналары теориясы, генераторлар, тұрақты ток машиналары, айнымалы ток машиналары. Пәнді оқу студенттердің энергияны электромеханикалық түрлендіру процестерінің теориялық және практикалық білімдерін, электр машиналарының конструкциясын, олардың құрылғыларын, сипаттамаларын, сонымен қатар пайдалану ережелерін қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Электр станциялар және қосалқы станциялар

Пән бакалаврлардың теориялық дайындығының негізін құрайды, электр станцияларының, қосалқы станциялардың құрылымдарын құруда, электр станцияларының, қосалқы станциялардың электр жабдықтарын жіктеуде негіз болып табылады. Курс келесі бөлімдерден тұрады: электр станцияларының, қосалқы станциялардың электр жабдықтары,электр аппараттары, ток өткізгіш бөліктері, электр станцияларының, қосалқы станциялардың негізгі сұлбалары. Пәнді оқу студенттердің электр станцияларының, қосалқы станциялардың электр жабдықтарын жобалау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.