Турбиналық қондырғылар
Пән білім алушылардың жылу электр станцияларында ауыспалы жұмыс режимдерінде жұмыс істейтін турбогенераторлардың технологиялық схемаларын оңтайландыру және жаңғырту саласындағы теориялық білімдерін қалыптастыруға бағытталған. Пән аясында турбиналық және газтурбиналық қондырғылар, олардың конструкциялық ерекшеліктері, турбиналардың жұмыс режимдері және турбина цехының қосалқы жабдықтарын пайдалану қарастырылады. Пәнді оқу жылу электр станцияларының турбиналық қондырғылары бөлшектерінің конструкциялық шешімдерін таңдау, есептеу және оңтайландыру бойынша білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.