Көмір кен орындарын игеру кезіндегі маркшейдерлік қамтамасыз ету
Пәнді оқыту мақсаты: кен орнын игерудің барлық кезеңдерінде тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етуге ықпал ететін жер бетіндегі және жер асты тау-кен қазбаларындағы түсірілімдердің жоспарлы және биіктік өзара байланысын жүзеге асыру бойынша көмір шахталарында жүргізілетін маркшейдерлік жұмыстардың негізгі түрлерін орындау технологиясын, ұйымдастыруын және әдістемесін зерделеу болып табылады. Негізгі бөлімдердің мазмұны: жер асты полигонометриясын және биіктік желісін құру кезінде қазіргі заманғы электрондық тахеометрлерді пайдалану, шахтаға координаттар мен биіктік белгілерін беру мақсатында бағдарлы-жалғастырушы және тік түсірілімдерді жүргізу, көлденең және көлбеу тау-кен қазбаларын жүргізуді маркшейдерлік қамтамасыз ету, өндіру көлемін есептеу, тау-кен жұмыстарын дамытуды жоспарлау және тау-кен графикалық құжаттамасын жасау үшін геоақпараттық бағдарламаларды пайдалану. Оқу нәтижесі: тау-кен қазбаларында және жер бетінде электрондық цифрлық аспаптар мен арнайы бағдарламаларды пайдалана отырып маркшейдерлік-геодезиялық түсірілімдерді орындау дағдыларын меңгеру, тау-кен кәсіпорнының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін күрделі маркшейдерлік жұмыстарды ұйымдастыру және орындау дағдыларын алу.