Шебалина Ольга Андреевна

Низаметдинов Фарит Камалович

Профессор
«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы
№2 ғимарат, Абай даңғылы,67
6+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

5
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

1977

горного инженере маркшейдера

Маркшейдерское дело

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Көмір кен орындарын игеру кезіндегі маркшейдерлік қамтамасыз ету

Пәнді оқыту мақсаты: кен орнын игерудің барлық кезеңдерінде тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етуге ықпал ететін жер бетіндегі және жер асты тау-кен қазбаларындағы түсірілімдердің жоспарлы және биіктік өзара байланысын жүзеге асыру бойынша көмір шахталарында жүргізілетін маркшейдерлік жұмыстардың негізгі түрлерін орындау технологиясын, ұйымдастыруын және әдістемесін зерделеу болып табылады. Негізгі бөлімдердің мазмұны: жер асты полигонометриясын және биіктік желісін құру кезінде қазіргі заманғы электрондық тахеометрлерді пайдалану, шахтаға координаттар мен биіктік белгілерін беру мақсатында бағдарлы-жалғастырушы және тік түсірілімдерді жүргізу, көлденең және көлбеу тау-кен қазбаларын жүргізуді маркшейдерлік қамтамасыз ету, өндіру көлемін есептеу, тау-кен жұмыстарын дамытуды жоспарлау және тау-кен графикалық құжаттамасын жасау үшін геоақпараттық бағдарламаларды пайдалану. Оқу нәтижесі: тау-кен қазбаларында және жер бетінде электрондық цифрлық аспаптар мен арнайы бағдарламаларды пайдалана отырып маркшейдерлік-геодезиялық түсірілімдерді орындау дағдыларын меңгеру, тау-кен кәсіпорнының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін күрделі маркшейдерлік жұмыстарды ұйымдастыру және орындау дағдыларын алу.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және магистрлік диссертацияны орындау (МҒЗЖ)

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми зерттеу жоспарын әзірлеуге, қажетті зерттеу әдістерін таңдауға және мәліметтерді жинауға, алынған зерттеу нәтижелерін өңдеуге бағытталған. МҒЗЖ негізгі мақсаты эксперименталды-зерттеу қызметінің нәтижелері бойынша есептер жасай білу, патент және зияткерлік меншік құқығын алу құжаттарын рәсімдеу болып табылады.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Зерттеу практикасы

Магистранттың зерттеу практикасының негізгі мақсаты отандық және шетелдік ғылымның теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерін оқу, сонымен қатар ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолданудың тәжірибелік дағдыларын бекіту, магистрлік диссертациялық зерттеуде тәжірибелік деректерді өңдеу және түсіндіру болып табылады.

Магистр ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша

Тау-кен сілемінің жай-күйіне маркшейдерлік мониторинг жүргізу

«Тау-кен сілемінің жай-күйіне маркшейдерлік мониторинг жүргізу» пәні ашық әдіспен пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру кезінде кемерлер мен ашық кеніш жағдауының қабырғаларының тұрақтылығын сенімді анықтау мақсатын қояды. Курс келесі бөлімдерде ұсынылған: Геологиялық-маркшейдерлік қамтамасызданудың мониторингі ғылыми негіздері ашық кеніш беткейлердің тұрақтылығы жағдайын қамтамасыз етеді.Ашық кеніш жағдау маңы массивтердің геомеханикалық мониторинг жүйесін құру. Курс таужыныстардың құрамы мен қасиеттерінің инженерлік және геологиялық сипаттамаларын зерттеуде практикалық дағдыларды игеруге бағытталған.

PhD докторы

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және докторлық диссертация орындау

Жұмыс бар білімді кеңейту және жаңа білім алу, ғылыми гипотезаларды тексеру, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын белгілеу, жобаларды ғылыми жинақтау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізумен байланысты негізді құрайды. Ол теориялық немесе қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін немесе нақты ғылыми бағыттарды дамытудағы ірі жетістік болып табылатын жаңа ғылыми негізделген теориялық және (немесе) эксперименттік нәтижелер алуға, көлік саласындағы озық халықаралық тәжірибені игеруге бағытталған.