Шебалина Ольга Андреевна

Рахатов Тілеуғабыл Дүйсенбекұлы

Преподаватель
«Өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология» кафедрасы
«Өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология» кафедрасы
№2 ғимарат, Абай даңғылы,67 №2 ғимарат, Абай даңғылы,67
0+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

6
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

2020

магистр научного педагогическое

Безопасность жизнедеятельности и защита окружающей среды

2015

бакалавр

Безопасность жизнедеятельности и защита окружающей среды

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Экология және тіршілік қауіпсіздігі

Пән білім алушылардың еңбек қызметі барысында қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән аясында еңбекті қорғау саласындағы құқықтық қамтамасыз ету, еңбекті қорғау және кәсіптік тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, денсаулыққа келтірілген зиянды тергеп-тексеру, есепке алу және талдау тәртібі, жұмыс орындары мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау, медициналық қарап-тексеруді ұйымдастыру, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері қарастырылады. Пәнді оқу еңбекті қорғау жүйесін басқару, кәсіптік тәуекелдерді басқару және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Еңбекті қорғау

Пән еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы теориялық дайындықтың бөлігі болып табылады. Курс келесі бөлімдермен ұсынылған: еңбекті қорғау қауіпсіздігі саласындағы құқықтық қамтамасыз ету, еңбекті қорғауды және кәсіптік тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, денсаулықтың зақымдануын тергеп-тексеру, есепке алу және талдау, жұмыс орындары мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу тәртібі, медициналық тексерулер жүргізу және ұжымдық жеке қорғаныш құралымен қамтамасыз ету тәртібі, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері.

Бакалавр

Еңбекті қорғау

Пән білім алушылардың еңбек қызметі барысында қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән аясында еңбекті қорғау саласындағы құқықтық қамтамасыз ету, еңбекті қорғау және кәсіптік тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, денсаулыққа келтірілген зиянды тергеп-тексеру, есепке алу және талдау тәртібі, жұмыс орындары мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау, медициналық қарап-тексеруді ұйымдастыру, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері қарастырылады. Пәнді оқу қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, кәсіптік тәуекелдерді басқару және еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау саласындағы құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.

Бакалавр

Еңбекті қорғау

Еңбекті қорғаудың басқару жүйесі. Өндірістік жарақаттану және кәсіби аурулар. Еңбек гигиенасы және өндірістік санитария. Қауіпсіздік техникасы. Өрт қауіпсіздігі.

Бакалавр

Еңбек жағдайына байланысты өндірістік объектілерді аттестациялау

Пән еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттауды өткізудің теориялық білімін алуға бағытталған Курс келесі бөлімдермен ұсынылған: еңбек жағдайларын бағалаудың гигиеналық критерийлері, жұмыс орындарын аттестациялауды өткізуді ұйымдастыру, еңбек процесінің ауырпалығы мен қауырттылығын бағалау. Курсты оқу студенттердің гигиеналық критерий бойынша еңбек жағдайы класын анықтау дағдысын қалыптастырады

Бакалавр

Өндірістік процестердің эргономикасы

Пән адам мен жүйенің басқа элементтерінің өзара әрекеттесуін зерттейтін теориялық дайындықтың бөлігі болып табылады. Курс келесі бөлімдермен ұсынылған: эргономиканың негізгі түсініктері, жұмыс орнын ұйымдастыру, Жұмыс аймағы мен жұмыс орны туралы түсінік, сәулет ортасында адамның жайлы болуы мәселелері, жұмыс орнының параметрлерін эргономикалық есептеу. Курсты оқу студенттердің еңбек тиімділігін арттыру міндеттерін шешу, жүйенің компоненттерін оңтайландыру арқылы ақпараттық негізде эргономикалық процестерді құру бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.