Экология және тіршілік қауіпсіздігі
Пән білім алушылардың еңбек қызметі барысында қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән аясында еңбекті қорғау саласындағы құқықтық қамтамасыз ету, еңбекті қорғау және кәсіптік тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, денсаулыққа келтірілген зиянды тергеп-тексеру, есепке алу және талдау тәртібі, жұмыс орындары мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау, медициналық қарап-тексеруді ұйымдастыру, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері қарастырылады. Пәнді оқу еңбекті қорғау жүйесін басқару, кәсіптік тәуекелдерді басқару және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.