Нурланова Мадина Бейбутовна

«Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасы
Бас корпус, Назарбаев даңғылы 56
0+
көпжылдық тәжірибе

оқытушылық іс-әрекеттерде

3
оқу курстары

2026 жыл

Білім беру

Басылымдар

Курстар

Бакалавр

Термиялық өңдеудің теориясы мен тәжірибесі

Пән материалдардың физикалық-химиялық және механикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын олардың фазалық құрамы мен құрылымына сійкестігін қарастырады, олар өз кезегінде олардың химиялық құрамы мен өңдеу режимдеріне байланысты қалыптасады; металдарды термиялық өңдеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруын; металдар мен қорытпаларды термиялық өңдеу технологияларын пайдаланудың ұтымды әдістерін қарастырады. Курс мынадай бөлімдермен ұсынылған: болаттың құрылысы, қыздыру және салқындату кезіндегі болатқа құрылымдық өзгерістер, термиялық өңдеу түрлері, қоспаланған болаттар мен түсті металдарды термиялық өңдеу технологиясын әзірлеу; болат бұйымдарын беттік беріктендіру. Курсты оқу бөлшектер мен жартылай фабрикаттарға қажетті қасиеттер кешенін (механикалық, физика-химиялық, пайдалану) беру мақсатында термиялық өңдеу бойынша қажетті теориялық мәліметтер мен практикалық дағдыларды алуға, сондай-ақ бұйымдарды дайындау кезінде материалдың технологиялылығын жақсартуға бағытталған

Бакалавр

Металлургиялық үрдістердің жылу энергетикасы

Пән металлургиялық технологиялардағы жылу процестері бойынша білімді қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Курс мынадай бөлімдер бойынша ұсынылған: агломерациялық процестің жылу энергетикасы; шекемтастарды күйдіру; домна процесі; конвертерлік өндіріс; электр болат балқыту процестері. Курсты оқу ақпараттық модельдеу жүйелерін қолдана отырып, металлургиялық технологияларға жылу-энергетикалық талдауды қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған

Бакалавр

Металлургиялық жылу техникасы

Пән металлургиялық өндірістердің пештері мен жылыту құрылғыларында болатын жылу алмасу процестері туралы білімді қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Курс келесі бөлімдер бойынша ұсынылған: отын; газдардың аэродинамикасы; металды қыздыру және балқыту; металлургиялық пештер. Курсты оқу ақпараттық құрылымды ескере отырып, металлургиялық процестер мен агрегаттарға жылу энергетикасы заңдарын қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған